ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі "ПетроҚазақстан" компаниясының Иранға мұнай экспорттау квотасын шектеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі "ПетроҚазақстан" компаниясының Иранға мұнай экспорттау квотасын шектеді

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі "ПетроҚазақстан" компаниясының Иранға мұнай экспорттау квотасын шектеді

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі "ПетроҚазақстан" компаниясының Иранға мұнай экспорттау квотасын шектеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ПетроҚазақстан" компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қараша 2004
  • 455
Фото - Caravan.kz

Соған сәйкес, Рэй терминалына және одан әрі Тегеран мұнай өңдеу зауытына жіберілетін мұнай көлемі өткен тоқсандағы көлеммен салыстырғанда 41 процентке дейін азайтылды.

«ПетроҚазақстан» компаниясы өкілдерінің пікірінше, логистикаға қатысты бүкіл проблеманы «ПетроҚазақстан» шешетіндіктен, бұл теріс қадам болмақ. Компания мәліметі бойынша, бұл бағытта артық мүмкіндіктер бар, сонымен бірге бұл бағытта мұнай тасымалдау компанияның, Қазақстан Республикасы мен Иранның және көршілес транзиттік мемлекеттердің мүддесіне сай келеді.
Қазіргі таңда ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен «ПетроҚазақстан» арасында келіссөздер жүргізілуде. Сол себепті «ПетроҚазақстан» компаниясының басшылығы бұл мәселе бойынша проблема оңтайлы шешімін табады дегенге сенім білдіруде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «ПетроҚазақстан» компаниясы 2003-жылдың басында Иранмен арада «своп» схемасы бойынша мұнай беру жөніндегі келісім-шартына қол қойған. Соған сәйкес «ПетроҚазақстан» жылына 1 млн. тонна Құмкөл мұнайын Тегеран мұнай өңдеу зауытының жанында орналасқан Рэй терминалына жеткізіп, оның орнына Парсы шығанағында Иранның жеңіл мұнайын алуы тиіс.
Келісім-шартына «ПетроҚазақстан» мен Иран үкіметінің атынан қызмет ететін Naftitran Intertrade Company Limited (NICO) қол қойған. NICO — Иран Ұлттық мемлекеттік мұнай компаниясының сауда-саттық бөлімшесі болумен бірге своптар мен сауда-саттық шараларын басқару, Иран үкіметінің атынан шикі мұнай және мұнай өнімдерін сату шаралары үшін жауап береді.
Мұнай жіберу жұмыстары 2003-жылдың желтоқсан айының аяғында Иран Ұлттық мемлекеттік мұнай компаниясы Тегерандағы Рэй терминалын алғашқы сатылы реконструкциялау және модификациялауды аяқтағаннан кейін қолға алынған.

Перейти к новостям спорта