ҚР парламентінің мәжілісі палатаның құрылымын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР парламентінің мәжілісі палатаның құрылымын бекітті

ҚР парламентінің мәжілісі палатаның құрылымын бекітті

Бүгін, 3-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жеті профильді комитетті қамтитын палатаның бұрынғы құрылымын сақтап қалу туралы шешімді бір дауыстан қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қараша 2004
  • 494
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, мәжіліс басшылығының сыртында палата аясында заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі; әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі; халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі; аграрлық мәселелер жөніндегі; экология және табиғат қорғау мәселелері жөніндегі; экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі; қаржы және бюджет жөніндегі комитеттер құрылады.

Бұдан бұырн да хабарлағанымыздай, мәжіліс төрағасы болып Орал Мұхамеджанов, палата жетекшісінің орынбасары болып Сергей Дьяченко сайланды.

Перейти к новостям спорта