Баспасөз қызметіндегілердің атап көрсеткеніндей, отырыста партияның тең төрағасы Әлихан Бәйменов өткен мәжіліс сайлауында жеңіп алған депутаттық мандаттан бс тартатыны туралы мәлімдеме жасады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл мәлімдеме кеше, 2-қарашада жария етілді.
Отырысқа қатысушылар сондай-ақ «Жармахан Тұяқбайдың өткен сайлауды бағалау туралы мәлімдемесі мен азаматтық ұстанымына қолдау көрсету» жөнінде шешім қабылдады.