Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, Mitsubishi Lancer автокөлігінің жүргізушісі Toyota Avalon автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан оқиға орнында алған жарақаттардан Mitsubishi автокөлігінің 69 жастағы жүргізушісі қайтыс болды, ал Toyota көлігінің 48 жастағы жолаушысы ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
«Сонымен қатар зардап шеккен бес адам Жаңаөзен қаласының ауруханасына жеткізілді. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Қарақия ауданы ББ ЕҚДБ-да тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады аймақтық ПД.