Қарағандыда Каспий банкінің есеп-касса бөлімі тоналды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда Каспий банкінің есеп-касса бөлімі тоналды

Қарағандыда Каспий банкінің есеп-касса бөлімі тоналды

Қарағандыда "Каспий банкі" АҚ-ның есеп-касса бөлімі тоналды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 4 Қараша 2004
  • 706
Фото - Caravan.kz

Баспасөз орталығының мәліметі бойынша, 3-қараша күні 15 сағат 40 минутта 18-20 жас шамасындағы екі жігіт «кассаның мекен-жайына еш кедергісіз кіріп, ақшаны алып кеткен». Тоналған қаржының көлемі қазір нақтыланып жатыр.

KZ-today тілшісіне белгілі болғанындай, «Каспий банкі» АҚ-ның есеп-касса бөлімі Қарағанды медициналық академиясының студенттер жатақханасы мен профилакторийінің ғимаратында орналасқан, дербес күзет қызметі болмаған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, тонаушылар ғимаратқа кассирмен ілесе кіріп, есікті жауып алған. Бейресми мәлімет бойынша, 2 млн. теңге тоналған көрінеді.
Қазір қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.

Перейти к новостям спорта