"12 жыл бірге тұрсақ та, отбасы болып қыдырған емеспіз": Сиви Махмуди жеке өміріне қатысты қауесетке нүкте қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"12 жыл бірге тұрсақ та, отбасы болып қыдырған емеспіз": Сиви Махмуди жеке өміріне қатысты қауесетке нүкте қойды

"12 жыл бірге тұрсақ та, отбасы болып қыдырған емеспіз": Сиви Махмуди жеке өміріне қатысты қауесетке нүкте қойды

Танымал әнші, продюсер Сиви Махмуди үш баласымен ажырасқанын мойындады.

  • 10 Қаңтар
  • 507
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жұлдызды weekend” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өнер иесінің айтуынша бұрынғы жолдасымен 12 жыл бірге өмір сүрген. 

“Біз басқа адамдар секілді ұрыс-керіс жанжалдан кейін ажырасқан жоқпыз. Менің жүйкем тозған кезең болатын. Сол кезде ортақ тұрған үйімізді сату керек болды. Өйткені екеумізге де ол үй ұнамайтын. Қай жақтан үй алатынымызды ойландық. Сол сәтті пайдаланып, бөлек кетейін дедім. Ол ажырасамыз, бөлек кетемін деп айтпады. Жаңадан пәтер алып, жалғыз тұруды ойладым. Жүйкем тозды. Біраз жылдан бері келе жатқан нәрсе. “Бір-бірімізсіз өмір сүріп көрейік. Жасым отыздан асты. Менің де ұйқым тыныш болсын. Мен де өзіме қарайын. Бұрынғыдай күйгелектеніп, денсаулығымды құртпайын. Мен балаларға керекпін. Уақытша бола ма, білмеймін, екеуіміз бөлек тұрып көрейік" дедім. Ол басында келіспеген еді. Бірақ мен оны көндірдім. Тіпті ажырасқаннан кейін де келіп тұрды. Бір жылдай хат-хабарын үзбеді. Содан кейін мен түбегейлі Шымкентке қоныс аудардым”, – дейді әнші. 

Сивидің айтуынша, жолдасы интернатта тәрбиеленген. Отбасына көңіл бөлмей, айлап-апталап қыдырып кететін көрінеді. 

“Алматыда жүрсем, бір-бірімізді көріп қаламыз. Сондықтан басқа қалаға кетуге шешім қабылдадым. Менің жуастығым бар, көніп қаламын. Маған бұл қарым-қатынастың керек емесін түсіндім. Балалар сұрамайды, іздемейді. "Папамыз қайда? Кездесейік, сағындық" деген жоқ. Мүмкін әкесінен қатты мейірім көрмеді ме? Ол көшенің адамы болатын. Олар — әкесін, мен жолдасымды сирек көретінмін. 12 жыл бірге тұрсақ та, отбасы болып қыдырған емеспіз. Ол қыдырып келеді, мен баламен үйде отырамын. Өзгеріс болмағасын, олай өмір сүре алмайтынымызды түсіндім”, – деп шынын айтты өнер иесі.

Үш баланы жалғыз өсіріп отырған жұлдызды ана тұрмысқа шығуға да қарсы емес. Тіпті үлкен ұлы тұрмыс құруына рұқсат еткенін жасырмады. 

“Тағы бір ұлым мен бір қызым болғанын қалаймын. Өзіме тағдырлас, ажырасқан жігітке тұрмысқа шыққым келеді.  Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Жүрсең, жүре бересің. Ажырасқаныма да үш жыл болып қалды. Үлкен ұлым мен жыласам, қосылып жылайды. Мені уайымдайды. "Мама, отырып қалма. Тұрмысқа шық" дейді. Балаларым естияр болып қалды. Қызым өнерге жақын. Осыларға және өзіме қорған болатын ер-азаматты кездестіретініме сенемін”, – дейді талантты әнші.