Мәжілістің заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы болып Сергей Жалыбин сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы болып Сергей Жалыбин сайланды

Мәжілістің заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы болып Сергей Жалыбин сайланды

Бүгін, 4-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында палатаның заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы болып Сергей Жалыбин сайланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 4 Қараша 2004
  • 609
Фото - Caravan.kz

С.Жалыбин 1950-жылы туған. Бүкілодақтық сырттай оқитын заң институты мен Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, заңгер-құқықтанушы, заң ғылымдарының кандидаты.

Қостанай облысының кәсіпорындарында жұмыс істеген. Адвокат болған, Қостанай облыстық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары және төрағасы болған. 1997-1999-жылдарда ҚР әділет министрінің орынбасары, парламентпен байланыс жөніндегі хатшы қызметтерін атқарды. 1999-жылы Қостанай облысындағы бір мандатты округ бойынша мәжіліс депутаты болып сайланды. Палатаның заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетін басқарды. Өткен мәжіліс сайлауында «АИСТ» блогынан сол округ бойынша үміткер ретінде қатысты. Бірінші турда жеңіске жетті.

Перейти к новостям спорта