З.Қадырова 1940-жылы Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 90-шы жылдардың басында ҚР әлеуметтік қамтамасыздық министрлігін басқарды, халықты әлеуметтік қорғау министрі болды. Бірінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты болды. 1999-жылы «Отан» партиясынан бір мандатты округ бойынша екінші шақырылған парламент мәжілісінің депутаты болып сайланды. Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарды. Үшінші шақырылған парламент мәжілісіне ол Ақмола облысындағы бір мандатты округ бойынша «Отан» партиясынан қайта сайланды.