Мәжілістің экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің төрайымы болып Вера Сухорукова сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің төрайымы болып Вера Сухорукова сайланды

Мәжілістің экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің төрайымы болып Вера Сухорукова сайланды

Бүгін, 4-қарашада өткен парламент мәжілісінің жалпы отырысында палатаның экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің төрайымы болып Вера Сухорукова сайланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Қараша 2004
  • 545
Фото - Caravan.kz

В.Сухорукова 53 жаста. Ол Өскемен жол-құрылыс институтын бітірген, инженер-экономист.

Жезқазған облысының мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс істеген. 1992-1996-жылдарда Жезқазған облысы әкімінің, әкімшілік төрағасының бірінші орынбасары болды. 1996-1997-жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 1997-1998-жылдары Шығыс Қазақстан облысының экономикалық департаментінің директоры болып істеді. 1998-1999-жылдары кәсіпкерлікпен шұғылданды. 1999-2003-жылдары Өскемен қаласының әкімі болды. 2003-жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары орынтағында отырды. Өткен мәжіліс сайлауында Шығыс Қазақстан облысындағы бір мандатты округ бойынша «Асар » партиясынан ат ұсынды. Бірінші турда жеңіске жетті.

Перейти к новостям спорта