Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасына Кенжеғали Сағадиев сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасына Кенжеғали Сағадиев сайланды

Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасына Кенжеғали Сағадиев сайланды

Бүгін, 4-қарашада өткен парламент мәжілісінің жалпы отырысында палатаның қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасына Кенжеғали Сағадиев сайланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Қараша 2004
  • 494
Фото - Caravan.kz

К.Сағадиев 1938-жылы туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, экономист. Экономика ғылымдарының докторы дәрежесі бар.

1960-жылдардан бері Қазақстанның жоғары білім ошақтарында оқытушы болып істеген, ғылыми жұмыстармен шұғылданды. 1982-1990-жылдары Целиноград ауылшаруашылығы институтының ректоры болды. 1992-1993-жылдары Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, 1993-1994-жылдарда Қазақ мемлекеттік басқару академиясын басқарды. 1994-1996-жылдары Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымын атқарды. Соңғы кездері Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ректоры болды.
Өткен мәжіліс сайлауында «Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайлауға түсті.

Перейти к новостям спорта