«Біз екі ел арасындағы ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті жоғары бағалаймыз»,- дейді жеделхатта Елбасы. Ол сондай-ақ Джордж Буштың президенттік дәуірінде «осындай қатынастар одан әрі дамиды» дегенге сенім білдірді.
Н.Назарбаев бұған қоса ғаламдық лаңкестікке қарсы тұру, халықты жаппай қырып-жоятын қару-жарақтарды таратпау, Иракта бейбір тіршілікті қалпына келтіру саласындағы ықпалдастық істерінде екі ел бірдей қол жеткізген ортақ табыстарды атап өтті.
Қазақстан Елбасы АҚШ президентіне американ халқының гүлденуіне бағытталған мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі.