Интерпол желісі бойынша Қазақстанның 82 азаматы халықаралық іздеуде жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Интерпол желісі бойынша Қазақстанның 82 азаматы халықаралық іздеуде жүр

Интерпол желісі бойынша Қазақстанның 82 азаматы халықаралық іздеуде жүр

Интерпол желісі бойынша Қазақстанның 82 азаматы халықаралық іздеуде жүр. Бұл туралы бүгін, 4-қарашада ҚР ІІМ өткізген баспасөз мәслихатында Интерполдың Қазақстан ұлттық бюросының бастығы Әміржан Тоқсанбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Қараша 2004
  • 707
Фото - Caravan.kz

Оның мәліметі бойынша, 63 адам ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін, 19 адам тұтқындау және экстрадициялау үшін іздестіріліп жатыр. «Бұл 82 адамның сыртында тағы 7 Қазақстан азаматы Интерполда «сары бюллетень» деп аталатын тізім бойынша хабар-ошарсыз кеткендер санатында»,- деді Ә.Тоқсанбаев.

Журналистер сауалына жауап берген бюро жетекшісінің хабарлауынша, Интерпол бұрынғы ҚР үкімет басшысы Әкежан Қажыгелдин мен міндетті медициналық сақтандыру қорының бұрынғы жетекшісі Талапкер Иманбаевтың тұратын жерін анықтаған. Алайда, Ә.Тоқсанбаевтың айтуынша, «экстрадициялау процессі тым ұзаққа созылуда». Тіпті «олар тұратын елдер мен Қазақстан арасында қылмыскерлерді бір-біріне қайтарып беру туралы келісімге қол қойылмаған».

Перейти к новостям спорта