Ұшақ экипажы мен әуежай қызметкерлері зардап шеккен жоқ. Ұшу-қону алаңы бүлінуге байланысты «Манас» әуежайы бірнеше сағатқа жабылды. Алдын-ала жорамал бойынша, апат ұшақтың тежегіш жүйесіндегі ақау салдарынан шыққан.
Апатқа ұшыраған соғыс ұшағы халықаралық антитеррорлық коалиция күштері орналасқан Ганси авиабазасына қарасты. Бұл база 2001-жылы Ауғанстандағы «Мызғымас бостандық» операциясын жүзеге асыру үшін құрылған. Әуе базасы Қырғызстандағы «Манас» халықаралық әуежайының аумағында орналасқан.