Жамбыл облысында Бангладештік заңсыз мигранттар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында Бангладештік заңсыз мигранттар ұсталды

Жамбыл облысында Бангладештік заңсыз мигранттар ұсталды

3-қарашада ҚР ҰҚК-нің Жамбыл облыстық департаментінің қызметкерлері Қордай ауданында жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде елімізде заңсыз жүрген 21 Бангладеш азаматын ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қараша 2004
  • 292
Фото - Caravan.kz

Шетел азаматтары шағын-шағын топтар түрінде Тәжікстан және Қырғызстан аумағы арқылы елімізге келген. Олардың алтауында ғана жеке құжаттары болған.

Қазір шетелдік азаматтардың ҚР мемлекеттік шекарасынан заңсыз өту себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.