Дін үшін Түркияға және араб елдеріне көшкендер "дурактар" - Рәтбек қажы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Дін үшін Түркияға және араб елдеріне көшкендер "дурактар" - Рәтбек қажы

Дін үшін Түркияға және араб елдеріне көшкендер "дурактар" - Рәтбек қажы

25 жыл мүфтиятты басқарған Рәтбек Қажы Нысанбайұлы қазақтың дінге көзқарасы жайлы, имамдар жайлы айтты.

  • 15 Қаңтар
  • 642
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Адырна ұллтық порталына" сілтеме жасап хабарлайды.  

— Қазақстанға дінді тарқатқан менмін. Оған біреуі бір нәрсе дей алмайды. Қазақтардың коммунистпін, Құдай жоқ деп жүрген уақытта келдім. Жастар комсомолмын, Құдай жоқ деп жүрген болатын. Жаназа шығармай, ақ матаға орамайтын уақытта келгенмін. Маған ешкім ештеңе дей алмайды. 

17 рет Сауд Арабияда болғанмын. Патшалары ораза ұстауға сол жерге шақырып отыратын. Күніге әйеліміз екеуміз министрлердің үйінде ауызашарда болғанбыз, деді көп елді көрген Қажы. 

— 100 имамды Түркияға, Египетке, Пәкістанға жіберген. Соның ішінде 100 адамнан бiреуі бітірген жоқ. Шетелге барғандар оқи алмайды. Құр аты ғана. Барып келіп өтірік айтып жур ғой. Мысырда оқып келдім, үйттім, бүйттім деп. Дипломы жайлы сұрасаң, түк те жоқ, өтірік, суайт, деп біраз шындықтың бетін ашты. 

Сонымен қатар, Рәтбек қажы өзге елге көшетіндер жайлы былай деді. 

— Түркияға, Арабияға көшіп жүрген ақымақтар бар ғой. Мен оларды "дурактар" деймін, деді.