2003-2005-жылдарға арналған Қазақстан экономикасының даму бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда - экономика министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-2005-жылдарға арналған Қазақстан экономикасының даму бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда - экономика министрлігі

2003-2005-жылдарға арналған Қазақстан экономикасының даму бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда - экономика министрлігі

Қазақстан экономикасын дамыту жөніндегі 2003-2005-жылдарға арналған үкіметтік бағдарлама табысты жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін, 9-қарашада Астанада өткен үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2003-жылғы және биылғы 9 айдағы экономикалық даму қорытындысына талдау жасаған ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қараша 2004
  • 488
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, әлеуметтік саланы, агроөнеркәсіптік секторды, индустриялық-инновациялық дамуға, өндірістік инфрақұрылымды және тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған барлық шаралар «дер кезінде жүзеге асырылуда». «Бұл көп жағдайда еліміз экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыруға түрткі бола отырып, ақырғы нәтижесінде республика халқының әл-ауқатының артуына себепші болады»,- деді ол.

2004-жылғы 9 айды қорытындылаған Қ.Келімбетовтың айтуынша, «еліміздің экономикалық өсу қарқыны айтарлықтай тұрақты және соңғы кездері қалыптасқан ағымға сәйкеседі. Басқаша айтқанда, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда өсім 9,4 процентті құрады».

Перейти к новостям спорта