Франция Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау жөніндегі "заңды талпынысын" қолдайды - Францияның индустрия министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франция Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау жөніндегі  "заңды талпынысын" қолдайды - Францияның индустрия министрі

Франция Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау жөніндегі "заңды талпынысын" қолдайды - Францияның индустрия министрі

Франция Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау жөніндегі "заңды талпынысын" қолдайды. Бұл туралы бүгін, 9-қарашада Францияның индустрия министрі Патрик Деведжян ҚР парламентінің сенаты мен мәжілісінің төрағасымен кездесуде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қараша 2004
  • 358
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, бұл мәселе Франция президенті Жак Ширактың 2005-жылға межеленген Қазақстан сапары аясында талқылануы әбден мүмкін. П.Деведжянның айтуынша, «дүниежүзіндегі ахуалға байланысты Қазақстан мен Францияның жеке тәуелсіз көзқарастары бар». Бұл да өз кезегінде Францияны Қазақстанмен жақындасуға итермелеп отырған тағы бір себеп болмақ.

Франция президентінің Қазақстан сапарына дайындық жұмыстары министрдің бұл жолғы келуінің бір мақсаты болмақ.
Өз сапарының тағы бір мақсаты ретінде Францияның индустрия министрі «екі ел арасында экономика және саяси саладағы қатынастарды пәрмендендіруге» деген талпынысты атады. П.Деведжянның айтуынша, мәселен экономика саласында Қазақстан мен Францияның тек мұнайгаз саласында ғана емес, сонымен бірге темір жол транспорты, телекоммуникациялар мен ауылшаруашылығы салаларында да перспективалары мен бірлескен жобалары бар.

Перейти к новостям спорта