Қарағандыда минералды судың орнына газдалған суды бөтелкелерге құйып сатып келген жасырын цех әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда минералды судың орнына газдалған суды бөтелкелерге құйып сатып келген жасырын цех әшкереленді

Қарағандыда минералды судың орнына газдалған суды бөтелкелерге құйып сатып келген жасырын цех әшкереленді

Қарағанды облыстық ІІББ-ның ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері минералды судың орнына газдалған суды бөтелкелерге құйып сатып келген жасырын цехты әшкереледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қарағанды облыстық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 10 Қараша 2004
  • 628
Фото - Caravan.kz

Цех қаланың ескі бөлігіндегі Бабушкин көшесінде орналасқан екен. Кәсіпорын жұмысшылары қарапайым газдалған суды «Сары ағаш» минералды суы ретінде пластик бөтелкелерге құйып таратып келген.

Цех ішінен су құйылған 100, бос 200 бөтелке табылды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары суды бөтелкелерге құюға арналған аппарат, жапсыратын қағаздар, тығындар, газ баллоны мен басқа да жабдықтарды тәркіледі.
Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта