Хабарламада атап көрсетілгеніндей, «Наурыз банктің» іс-қызметінде анықталған заң бұзу оқиғалары осындай тәртіп енгізуге негіз болған. Атап айтсақ, «төлем жасау және ақша аудару операциялары бойынша шарт бойынша жүктеп алған міндеттемелерін жүйелі түрде дұрыс орындамау, құқықтық актілерді ұдайы бұзу, Ұлттық банктің немесе уәкілетті мекеменің жазбаша нұсқауларын орындамау, немесе, Ұлттық банкке яки уәкілетті мекемеге есеп құжаттары мен мәліметтерді бермеу, немесе, қасақана жалған құжаттар тапсыру» оқиғалары тіркелген, делінген баспасөз баянында.
ҚР «Банктер туралы және банк іс-қызметі туралы» заңына сәйкес банкті консервациялау дегеніміз — уәкілетті органның шешімімен банктің қаржылық ахуалын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту мақсаты бойынша банкке қатысты әкімшілік, заңгерлік, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да шаралар мен процедураларды мәжбүрлі жүзеге асыру болып табылады,- делінген баспасөз баянында. Уақытша әкімшіліктің басты міндеті банктің өзіне тиесілі міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемде орындау қабілетін қалпына келтіру және сақтап қалу, жұмыстағы кемшіліктер мен заң бұзу және банктің ішкі құжаттарын бұзу оқиғаларын жоюға саяды.
«Қазақстан Наурыз банкі» АҚ «Қазагроөнеркәсіп банкі» ААҚ-ның заңды мұрагері болып табылады.