"Экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" 2004-жыл басынан бері 30 млн. доллардың 45 келісіміне қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" 2004-жыл басынан бері 30 млн. доллардың 45 келісіміне қол қойды

"Экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" 2004-жыл басынан бері 30 млн. доллардың 45 келісіміне қол қойды

"Экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" 2004-жыл басынан бері 30 млн. доллардың 45 келісіміне қол қойды. Бұл туралы бүгін, 10-қарашада Алматыда "Екінші деңгейлі банктер тарапынан қаржыландыру жолымен Қазақстаннан шикізат емес тауар түрлерін экспорттауды дамытуға түрткі болу" тақырыбы бойынша өткізілген дөңгелек үстел барысында "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ -ның басқармалары төрағасының орынбасары Ербол Жаманбаев хабарлады.

  • 10 Қараша 2004
  • 1041
Фото - Caravan.kz

Е.Жаманбаевтың ақпаратына сәйкес, 2004-жылдың ақпан айынан бері сақтандыру корпорациясына 73,8 млн. доллардың экспорттық несиелері мен инвестициясын сақтандыру туралы 60 өтініш түсіп, 33,2 млн. доллардың 52 жобасы қаралған. Қазір жалпы құны 16,3 млн. долларды құрайтын 31 экспорттық және инвестициялық жоба бойынша сақтандыру келісім-шарттары жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, Е.Жаманбаевтың айтуынша, 13 жоба бойынша өтініш иелері сақтандырудан бас тартса, 7 жағдай бойынша сатып алушылардың қаржылық ахуалының мүшкілдігіне байланысты 3 млн. долларға сақтандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, корпорация 2004-жылдың аяғына дейін республиканың шикізатқа жатпайтын тауар түрлері экспортының 1 процентін, 2005-жылы 2 процентін, 2006-жылдың аяғына дейін 3 процентін сақтандырмақ ниетте.

Перейти к новостям спорта