Қарағандыдағы аудандық сот балалары Сербияда өндірілген БЦЖ вакцинасынан зардап шеккен аналардан 20 шағым қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыдағы аудандық сот балалары Сербияда өндірілген БЦЖ вакцинасынан зардап шеккен аналардан 20 шағым қабылдады

Қарағандыдағы аудандық сот балалары Сербияда өндірілген БЦЖ вакцинасынан зардап шеккен аналардан 20 шағым қабылдады

Қарағандының Қазыбек би аудандық сотында балалары Сербияда өндірілген құрт ауруына қарсы БЦЖ вакцинасынан зардап шеккен аналардың шағымы қарала бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне шағым иелерінің мүддесін қорғаушы адвокат Евгений Танков хабарлады.

  • 10 Қараша 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

Сотқа бір уақытта 20 шағым түсірілген. Бұл іс бойынша сот алдында ҚР денсаулық сақтау министрлігі жауап беруде. Ата-аналар моральдық және балаларды емдетуге байланысты материалдық шығынның орнын толтырып беруді талап етіп отыр. Шағымдардың құны 1-5 млн. теңге аралығында бағаланған.

Алғашқы сот мәжілісінде денсаулық сақтау министрлігінің өкілі шағымның бірде-біреуін мойындамады. Келесі сот отырысы 16-қарашаға белгіленді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осындай зардап шеккен бір ананың ҚР денсаулық сақтау министрлігіне қарсы шағымы бойынша өткізілген тұңғыш сот мәжілісінде шығарылған шешімге екі жақ та қанағаттана алмады. Сот баласы зардап шеккен Елена Васецкаяның моральдық шығынын өтеу үшін 50 мың теңге төлеуді ҚР денсаулық сақтау министрлігіне міндеттеді. Ал жауап беруші бұл шешімді мойындаған жоқ. Шағым иесі Қарағандыдағы аудандық соттың шешіміне қарсы ҚР Жоғарғы сотына арыз берген.

Перейти к новостям спорта