Қарағандыда әскери билетті заңсыз бергені үшін бір аудандық әскери комиссариаттың бөлім бастығы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда әскери билетті заңсыз бергені үшін бір аудандық әскери комиссариаттың бөлім бастығы ұсталды

Қарағандыда әскери билетті заңсыз бергені үшін бір аудандық әскери комиссариаттың бөлім бастығы ұсталды

Қарағандыда әскери билетті заңсыз бергені үшін бір аудандық әскери комиссариаттың бөлім бастығы ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҰҚК-нің Қарағанды облыстық департаментінің баспасөз қызметіне хабарлады.

  • 10 Қараша 2004
  • 439
Фото - Caravan.kz

Әскер қатарына шақырылған бір бозбала ҰҚК-нің облыстық департаментіне арыз айта келген. Ол аудандық әскери комиссариаттың бөлім бастығы әскери билет бергені үшін 200 доллар көлемінде пара талап еткенін хабарлаған.

Шағым иесіне арнаулы бояумен өңделген екі купюра берілді. Аудандық әскери комиссариаттың бөлім бастығы сөйтіп 5-қарашада өзінің жұмыс бөлмесінде пара алып жатқан жерінен ұсталды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.