Қазақстан және Қытайлық тәртіп сақшылары болашақ ынтымақтастық мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Қытайлық тәртіп сақшылары болашақ ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан және Қытайлық тәртіп сақшылары болашақ ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Осы аптада ҚР ІІМ өкілдерінің Қытайға ресми сапары аяқталды. Сапар барысында қазақстандық тәртіп сақшылары ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің басшылығымен кездесіп, ұйымдасқан қылмыс, лаңкестік және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық проблемаларын талқылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қараша 2004
  • 453
Фото - Caravan.kz

ҚР ІІМ-нің орынбасары Владимир Курбатов басқарған Қазақстан өкілдері сонымен бірге Гонконг полициясының комиссары Ли Минг Кваймен жүздесіп, Гонконг полициясының есірткі бизнесі, лаңкестік және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімдерін аралады. Сондай-ақ, Қазақстандық тәртіп сақшылары Гонконгте Орталық аймақтық полиция бөлімінде, командалық-бақылау орталығында және полиция мектебінде болды.

Өкілдердің Гонконг полициясының қызметкерлерімен кездесулері барысында болашақ ықпалдастықтың, өзара тәжірибе алмасу және қылмыспен күрес саласындағы техникалық ынтымақтастық пен ішкі істер мекемелерінің жұмыс тиімділігін арттыру перспективалары айқындалды.

Перейти к новостям спорта