Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 2004-жылдың 9 айында 218,4 млн. доллардан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 2004-жылдың 9 айында 218,4 млн. доллардан асты

Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 2004-жылдың 9 айында 218,4 млн. доллардан асты

Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 2004-жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 218,483 млн. долларды құрады, оның 212,349 млн. доллары импорттың, 6,1348 млн. доллары экспорттың үлесінде.

  • 11 Қараша 2004
  • 490
Фото - Caravan.kz

Әзербайжан мемлекеттік статистикалық комитетінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, 2003-жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда импорт көлемі 158,1 процентке өссе, экспорт көлемі 22,1 процентке кеміді.

Әзербайжанның ТМД елдерімен арадағы экспорт-импорттық операцияларының жалпы көлемінде Қазақстан импорт бойынша Ресейден кейінгі екінші, ал экспорт бойынша алтыншы орынға шығып, бұл көрсеткіш бойынша Беларусь, Қырғызстан, Молдова және Өзбекстаннан алда келеді.
Әзербайжанға шығарылатын Қазақстан импорты ауқымында ең көп үлес табиғи газға тиесілі. Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 124 млн. 522,5 мың долларға 2 млрд. 374,7039 млн. текше метр табиғи көгілдір отын сатылды. Қазақстаннан шығарылатын импорт құрылымында электр есептегіш құралдар, металлопрокат, бидай, картоп, сарымсақ, балық, бидай ұны, барит, гранит, асбест, кальцийлі карбидтер, күкірт қышқылы, полимер материалдар, кітап өнімдері, киім-кешек т.б. бар.
Қазақстанға шығарылатын экспорт құрылымында Әзербайжанның мұнай өнімдері басым үлеске ие. 2004-жылдың 9 айында Қазақстанға 1043 мың долларға реактивті және дизельдік отын мен түрлі майлау материалдары сатылды. Экспортталатын тауар түрлерінің арасында сондай-ақ ауылшаруашылығы өнімдері, химиялық өнімдер (каустикалық сода, резина өнімдер, изопропил спирті, лак-бояу материалдары, полимерлер, пластмасса құбырлар), қара металл өнімдері, түрлі көлік құралдары, жиҺаз т.б. бар.

Перейти к новостям спорта