Биылғы түсім құрамында 1-3 сортты бидай үлесі 90 процентті құрайды - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылғы түсім құрамында 1-3 сортты бидай үлесі 90 процентті құрайды - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі

Биылғы түсім құрамында 1-3 сортты бидай үлесі 90 процентті құрайды - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақстанда 2004-жылғы түсім жинау науқаны барысында бункерлік салмағы бойынша 13,9 млн. тонна бидай орылды. Орташа өнімділік бір гектардан 9,8 центнерді құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен 3 центнерге кем. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Қараша 2004
  • 500
Фото - Caravan.kz

Ондағылардың хабарлауынша, биыл түсім құрамындағы 1-3 сортты бидай үлесі 90 процентті құрайды. 2003-жылы бұл көрсеткіш 74 проценттен аспаған. Сонымен бірге құрамындағы желімтік мөлшері 25 проценттен жоғары бидайдың үлесі былтырғы 20 процентпен салыстырғанда биыл 60 процентке дейін артты.

Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, 2004-жылы дәнді дақылдар ұрықтанатын тұста табиғат қолайсыз мінез танытып, мамыр-маусым айларында нормадан 30-40 процент кем ылғал түсті. Осыған байланысты министрліктегілердің айтуынша, салыстырмалы түрде аз түсім жиналғанымен, оның сапалық көрсеткіші жоғары болды.
Биылғы жылы дәнді дақылдар 14,3 млн. гектарға, соның ішінде бидай 11,9 млн. гектарға егілді. Негізгі астықты аймақтар — Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұқым себілген алқап 9,7 млн. гектарды құрады. Республика бойынша жаздық бидай жалпы алғанда 11,3 млн. гектарға отырғызылды, бұл өткен жылғыдан 0,6 млн. гектарға артық.

Перейти к новостям спорта