Атырауда көру қабілеті бұзылған адамдарға қазақ тілін қалай оқытты - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда көру қабілеті бұзылған адамдарға қазақ тілін қалай оқытты

Атырауда көру қабілеті бұзылған адамдарға қазақ тілін қалай оқытты

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранттық қолдауымен Академик З.Қабдолов атындағы жеке қор іске асырған «Қ@З@ҚШ@  ТЫҢД Д С@ЙР@!» жобасы қорытындыланды. Жоба «Құқық, денсаулық және коммуникация – қазіргі әлемнің тұрақты дамуына бағдар» әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің жеңімпазының бірі атанды.

  • 16 Қаңтар
  • 1
Фото - Caravan.kz

2023 жылдың тамыз айынан бастап ҮЕҰ командасы зағип және нашар көретін адамдарға қазақ тілін үйрету үшін 13 аудио — және бейне подкаст шығарды. Барлық өнім әлеуметтік желілерде жарияланды, сонымен қатар, «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ 14 филиалына және зағиптар мен нашар көретін балаларға арналған 7 арнайы мектеп-интернатқа ұсынылды. Подкасттар қазақ мақал-мәтелдерінің тақырыптарын, сонымен бірге, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын қамтыды.

Жоба барысында оның қажеттілігі мен өзектілігі жөнінде сауалнама жүргізілді. «Жоба өте жақсы жасалған. Қазақ және орыс тілін үйрену үшін мақал-мәтелдер түсінікті әрі қолжетімді. Оқыған адамның дикциясы жақсы, тыңдай бергің келеді», — деді Қызылорда облысы білім басқармасының №5 көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының директоры Жамбыл Ахметов.

Цифрлық форматтың арқасында подкасттар сегіз мыңнан астам тікелей және жанама пайдаланушыларға қолжетімді болды. Оның ішінде тікелей бенефициарлар – 2083 (Қазақ зағиптар қоғамының 1259 мүшесі және 824 – зағиптар мен нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттардың оқушылары), жанама – 6000-ға жуық адам.

Көз жанарынан айрылған немесе көру қабілеті нашар адамдар үшін ақпаратты есту арқылы қабылдауға бағытталған жоба әдебиет, қазақ тілі бойынша сыныптан тыс сабақтар өткізуге, әдеби шығармаларды үйде тыңдауға және өзін-өзі тәрбиелеуге қажет.