ҚР ҰҚК "Орталық Азия моджахедтерінің жамааты" ұйымын іс-қызметіне тыйым салынған ұйымдар қатарына қоспақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҚК  "Орталық Азия моджахедтерінің жамааты" ұйымын іс-қызметіне тыйым салынған ұйымдар қатарына қоспақшы

ҚР ҰҚК "Орталық Азия моджахедтерінің жамааты" ұйымын іс-қызметіне тыйым салынған ұйымдар қатарына қоспақшы

"ҚР ҰҚК үшін "Орталық Азия моджахедтерінің жамааты" ұйымын Қазақстан аумағында іс-қызметіне тыйым салынған ұйымдар қатарына қосуға негіз жетерлік". Бұл туралы бүгін, 11-қарашада Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко хабарлады.

  • 11 Қараша 2004
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Біз қазіргі жағдаймен осынау лаңкестік ұйымды әшкерелеп, ол жүзеге асырған лаңкестік әрекеттер туралы ақпараттарды алдық. Ендігі жерде ұйымның жұмысына тыйым салу туралы ұсыныс жасаймыз»,- деді В.Божко.

Оның айтуынша, қандайбір лаңкестік ұйымды Қазақстан аумағында іс-қызметіне тыйым салынған ұйымдар тізіміне енгізу мәселесі «Лаңкестікпен күрес туралы» заңмен реттеледі. «Біз өз ұсынысымызды ҚР Бас прокуратурасына жібереміз. Ол өз кезегінде бұл таныстыруды сотқа жолдайды. Тиісті шешімді сот қабылдайды»,- деді В.Божко.
Оның хабарлауынша, «экстремистік іс-қызметпен айналысушы ұйымдардың осындай тізімін ҚР ҰҚК «Экстремистік іс-қызметпен күрес туралы» заң жобасы қабылданғаннан кейін жасай алады. Жоба қазір парламенттің қарауында жатыр». «Заңды қабылдау нәтижесінде біз қоғамымызға экстремистердің бойлай енуінен қорғау бағытында жұмыс істей аламыз. Соның ішінде экстремистік ұйымдарды анықтау және олардың еліміз аумағындағы іс-қызметіне сот арқылы тыйым салу жолымен қоғамды экстремистерден қорғайтын боламыз»,- деді В.Божко.

Перейти к новостям спорта