«Жетіген» тиыны «Қолданбалы өнер» сериясы бойынша қазақ музыкалық аспаптары тақырыбын одан әрі жалғастыратын төртінші ескерткіш күміс тиын болмақ.
Металл ақша Қазақстан теңге сарайында 925 сынамды күмістен жасалған, массасы — 24,00 грамм, диаметрі — 37 мм, қалыңдығы — 2,7 мм, «proof» сапасымен 3 мың дана шығарылған.
«Жетіген» ескерткіш күміс тиындары коллекциялық құны бойынша сатуға арналады.