Оған себеп, оның ата-енесінің көзінше тым ашық көйлек кигені болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жұллдыз Әбдікәрімова мұндай көйлекпен Баян Алагөзованың туған күн кешінде көзге түскен. Көпшілік бұл кеште оның ата-енесі Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекованың да болғанын айтады. Сол себепті олар ата-ененің көзінше, келіндік міндетті сақтап, жабық киінгін дұрыс, деп сынап тастаған.
Әбдікәрімованың өзі болса, көйлектің бір күнде тігілгенін айтып, мақтанған.
"Бұл көйлек 1 күнде тігілді! Мен Алматыға келген бойда әуежайдан бірден құрбым Назымға бардым. Өлшемімді алды да жұмысқа кірісті. Шеберханада бір шайымызды ішіп болғанша команда осындай шедеврды үстіме қондыра салды. Жылдамдық, талғам мен сапа үшін @nazym_arunaz шеберханасына алғысым шексіз", — деп жазған ол.
Десе де көпшілік оның бұл әрекетін сынға алған.
"Шынымды айтайын атыңа затың сай болмады.Көйлегің зор!бірақ келін,ана деген атыңа сай болмады.жастар айтады👍деп олардың көзіне солай шығар бірақ “КЕУДЕ-пати” болды!", "Мейрамбек, Сакеннің әйелдерінің, Қарақат, Тамара , Ашаның, т.б қыз келіншектердің көйлектері қандай керемет, семіздікті қой көтерет демекші, Жұдыз бен Мөлдір , Қабатовтың әйелі екеуің бастарыңа қонған бақты бағалай алмай журсіңдер, анау слишком тәлпіш, сен мүрныңды шүйіріп, ата енені сыйлаудан қалып жатсың, бағыда Гүлзира ханым мақтаушеді кәзір сені ауызына да алмайтын бопты", "Жаксы көйлек,бірақ бұл жерде емес еді,себебі ата-енесі бар дегендей,қазақта сөз баргой қазанан қақпақ кетсе,иттен ұят кетеді деген,әрине ата-енесін силмайды демеймін,24/7 қасында жүрген жоқпыз,сонда да сәл келіндік,және еріне деген силастық болу керек деп санаймын,тек өз қалауым деген болмайды гой,ер азаматы бар әйел қашан да тереңірек ойлану керек деп санаймын", "Әйел адамның (3-4баласы бар) кеудесін сонша жалаңаш көрсетуі біздің менталитет үшін артықтау емес пе…." деп жаппай сынады олар.