"Өзбектің баласы деп шетел асырған шығар": Қымбат Досжан Жәнібектің анасына қатысты бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзбектің баласы деп шетел асырған шығар": Қымбат Досжан Жәнібектің анасына қатысты бар шындықты айтты

"Өзбектің баласы деп шетел асырған шығар": Қымбат Досжан Жәнібектің анасына қатысты бар шындықты айтты

 2 жасында сәбилер үйінен шетелдіктер асырап алған Жәнібек есімді қазақ баласы өз анасына іздеу салып, Қазақстанға келген болатын. Жәнібектің бұл әрекеті түрлі ток-шоуларға арқау болып, елді дүр сілкіндірді.

  • 22 Қаңтар
  • 812
Фото - Caravan.kz

Журналист, «Қазақ радиосындағы» «Бармысың, бауырым?» бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан Жәнібектің анасы Өзбекстан азаматы болмай шыққанына қуанғанын жеткізді.

Бұл туралы ол "Сұрауы бар" бағдарламасына берген сұхбатта айтты,  деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Бір ток-шоулардың айқайлатып көрсеткен Камила деген келіншекті біз ең бірінші тауып, онымен сөйлесіп, зерттей бастаған кезде Жәнібектің құжаты бойынша табылған Жазира шықты. Сол кезде Камила бұл баланы 15 жаста босануы мүмкін емес қой деп, оны екінші планға қалдырдық. Ол — Өзбектсан азаматшасы. Сөйтіп жүргенде ол маған неге хабарласпай кетті деп, өзі қайтадан балаға шыға бастайды, жазып отырып, мен сенің анаңмын дейді. Сосын Жәнібек бірден ток-шоуға Өзбекстаннан бір әйел маған сенің ананңмын деп жазып жатыр деп айтады. Олар Камилаға Алматыға билет алып беріп, бірден ток-шоуға түсіріп хабар жасады. Баланың, туған әйелдің мәліметтерін экранға шығарды. Бұлай жасауға болмайды. Бұл — адамның тағдыры. Этика деген сөз ауыздарында, миларында жоқ сияқты. Сол Өзбекстан азаматы Камиланың айтуы бойынша, өзінің туған жылы 1987. Сонда ол 2002 жылы Жәнібекті туған кезде 15-ақ жаста. Ол өзге елдің азаматы 14 жасында көтерген баласын 15 жасына толмай Арқалыққа шетелден келіп, маған бір таблеткалар беріп, мен баланы тудым да тастап кеттім. Ары қарай баламен әжем айналысты деп айтты. Айқайлатып жасаған анализдары 0% болып шықты. Оның Жәнібекке түкке қатысы жоқ. Тағы да сұрақ. Камиланың 15 жасында келіп туып, тастап кеткен баласы қайда? Оны да өзбектің баласы деп, біздің қазақтар шетел асырған шығар. Бірақ, ол мен сенің шешеңмін деп  Жәнібекке жабысты. Ал, ДНҚ теріс нәтиже көрсетті. Шыны керек, оған біз қуандық", — дейді Қымбат Досжан.