Қазақстан президенті Ясир Арафаттың қайтыс болуына байланысты Палестина халқына көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Ясир Арафаттың қайтыс болуына байланысты Палестина халқына көңіл айтты

Қазақстан президенті Ясир Арафаттың қайтыс болуына байланысты Палестина халқына көңіл айтты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ясир Арафаттың қайтыс болуына байланысты Палестина халқына көңіл айтты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қараша 2004
  • 783
Фото - Caravan.kz

«Ясир Арафаттың қайтыс болғаны туралы суық хабарды терең қасіретпен қабыл алдым»,- делінген Н.Назарбаевтың жеделхатында.

Қазақстан мемлекет басшысы «Таяу Шығыста бейбітшілікті орнатуға бар күш-жігерін жұмсаған Я.Арафат өзін нағыз парасатты әрі қырағы саясаткер ретінде таныта білді. Палестина көсемінің бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығымен марапатталуы — осының айқын айғағы болса керек»,- делінген жеделхатта.
Н.Назарбаев сондай-ақ Я.Арафаттың тәуелсіздігімізді алған алғашқы күндері Қазақстанға сапармен келген тұңғыш араб басшысы болғанын атап өткен. «Оның біздің егемен елімізбен жан-жақты тығыз байланыстарды дамытуға деген ұмтылысы бүкіл Қазақстан халқының жадында терең сақталатыны сөзсіз».
Палестина ұлттық әкімшілігі жетекшісінің өлімі Палестина халқының тарихындағы бүтін бір дәуірге нүкте қойды,- деп жазады әлемдік басылымдар. Я.Арафат Палестина жұртшылығының егемендікке ұмтылған жарты ғасырлық күресінің басты символына, халықтың көсеміне айналды.
Я.Арафат 1929-жылдың 24-тамызында Каирде туған. Ол 17 жасынан бастап Англиялықтармен және дербес мемлекеттілікке ұмтылған израильдықтармен күрес мақсатында Палестинаға жасырын жолмен қару-жарақтар жеткізу шараларына қатыса бастаған.
1948-жылы Ясир Арафат қарулы күресті бастап, оған ғұмырының басым бөлігін арнады. 1959-жылы Я.Арафат тәуелсіз палестина мемлекетін құруды мақсат етіп қойған ФАТХ қозғалысын басқарды. Ал 1969-жылы Араб Мемлекеттері Лигасының қолдауымен құрылған Палестинаны азат ету ұйымының атқару комитетінің төрағасы деп жарияланды. Кейінірек ол Палестина революцияшыл күштерінің бас қолбасшысы атанды.
90-шы жылдардың басында Я.Арафат Израиль үкімет басшысы Ицхак Рабинмен және Израиль сыртқы істер министрі Шимон Переспен бірге Палестина-Израиль шиеленісін реттеуге деген талпынысы үшін бейбітшілік үшінгі Нобель сыйлығына ие болды.
2001-жылдың желтоқсан айынан бері Палестина көсемі Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамалла сарайында қамауға алынды. Ол 2004-жылдың 11-қарашасында Париж іргесіндегі Перси әскери ауруханасында аурудан қайтыс болды.

Перейти к новостям спорта