Қазақстандық компаниялар Лондонда өткен жыл сайынғы халықаралық туристік көрмеге қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық компаниялар Лондонда өткен жыл сайынғы халықаралық туристік көрмеге қатысты

Қазақстандық компаниялар Лондонда өткен жыл сайынғы халықаралық туристік көрмеге қатысты

Лондонда "World Travel Market" атты жыл сайынғы халықаралық туристік көрме аяқталды. Оған дүниежүзінің 190 елінен өкілдер қатысты. Көрмеге Қазақстаннан ҚР индустрия және сауда министрлігінің туризм комитетінің мамандары, аймақтық туризм жөніндегі департаменттердің, "Эйр Астана" ұлттық әуе тасымалдаушы компаниясының, Қазақстан туристік қауымдастығының, сондай-ақ еліміздегі ірі туристік компаниялардың өкілдері қатысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қараша 2004
  • 641
Фото - Caravan.kz

Көрме аясында Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов пен туризм жөніндегі комитеттің мамандары көрмені ұйымдастырушы «Reed Exhibitions» компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді. Компания басшысы П.Натли алдағы жылдың сәуір айында Алматыға келіп, Қазақстанның КІТҒ халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысуға ниет білдірді. Сапар барысында «Reed Exhibitions» компаниясының жетекшісі өз компаниясының Қазақстанда туристік көрмелер ұйымдастыруға қатысу мүмкіндіктерін зерттеуді межелеп отыр.

«World Travel Market» жыл сайынғы халықаралық туристік көрме барысында Қазақстанның туристік әлеуетінің тұсаукесері өткізіліп, көрмеде қазақстандық әртістер өнер көрсетті.
Елшілік хабарламасында атап көрсетілгеніндей, Қазақстан көрмеге табысты қатысып, «мұндай шараларды Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін шетелдерге таныту мақсатында пайдаланудың маңызы зор екеніне көз жеткізді».

Перейти к новостям спорта