Қазақстандағы коммерциялық банктердің жиынтық активтері бір айда 6 процентке артты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы коммерциялық банктердің жиынтық  активтері бір айда 6 процентке артты

Қазақстандағы коммерциялық банктердің жиынтық активтері бір айда 6 процентке артты

Қазақстандағы екінші деңгейлі коммерциялық банктердің жиынтық активтері қыркүйек айымен салыстырғанда 2004-жылдың қазан айында 134,9 млрд. теңгеге өсіп, 2,3 трлн. теңгеден артты. Қыркүйек айымен салыстырғанда өсім 6 процентті құрады. Бұл туралы ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінен хабарлады.

  • 12 Қараша 2004
  • 808
Фото - Caravan.kz

Қазан айында Қазақстанның банк секторының басқа да негізгі көрсеткіштерінің өсімі байқалды. Мәселен, коммерциялық банктердің жиынтық жалпы капиталы бір айда 8,8 млрд. теңгеге немесе 2,8 процентке өсіп, 320 млрд. теңгені құрады.

Банктердің несиелік қоржыны банкаралық несиелерді қосқанда наурыз айында 4,2 процентке немесе 65,7 млрд. теңгеге өсіп, 1,6 трлн. теңгеге жетті. Банктердің несиелік қоржынының сапасы айтарлықтай өзгере қойған жоқ, бұрынғыдай тәуекел деңгейі жоғары. Соның ішінде стандартқа сай келетін кредиттер үлесі 56,3%-ті, күмәнді кредиттер 41,2%-ті, үмітсізі — 2,5%-ті құрады.
Банктердің заңды және жеке тұлғалардан тартқан салымдарының жалпы көлемі өткен аймен салыстырғанда 3,6%-ке ұлғайып, 1,3 трлн. теңге болды.
Қазақстандағы екінші деңгейлі коммерциялық банктердің жалпы кірісі 254 млрд. теңге болды. 2003-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда кірістердің өсімі 40 проценттен асты. Сонымен бірге банк секторының шығындары мен орны толықтырылмайтын шығындары тиісінше 39,8 процентке және 47,4 процентке артты.

Перейти к новостям спорта