Алматыда ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Сот академиясы магистратурасының тұсаукесері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Сот академиясы магистратурасының тұсаукесері өтеді

Алматыда ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Сот академиясы магистратурасының тұсаукесері өтеді

15-қараша, дүйсенбіде Алматыда ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Сот академиясы магистратурасының тұсаукесері өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Сот академиясының ректоры Тамас Айтмұхамбетов хабарлады.

  • 12 Қараша 2004
  • 1061
Фото - Caravan.kz

Магистратура 2004-жылдың 1-қыркүйегінен бастаған. Қазір мұнда сот төрешілігінен үміткер 45 адам оқып жатыр. Оқуды аяқтап, тиісті емтихан тапсырғаннан кейін олар Жоғарғы соттың мамандар резервіне қосылады.

Т.Айтмұхамбетовтың айтуынша, қазіргі таңда еліміздегі сот судьяларының кәсіби деңгейі қоғам және экономикалық даму сұраныстарына сай келмейді. Дегенмен еліміздің құқықтық жүйесі мен заңнамалық базасы тұрақты жетілдіріліп, күрделілене түсуде. Сот реформасына сәйкес жаңа мамандандырылған соттар жүйесі дамып келеді. Бұл сот төрешілерінен құқық пен экономиканың түрлі салалары бойынша терең кәсіптік білім игеруді талап етуде.
Т.Айтмағамбетовтың айтуынша, Сот академиясының магистратурасын құруда Францияның тәжірибесі пайдаланылды. Онда сот төрешілері, прокурорлар мен сот өкілдерін дайындаумен мемлекеттік магистратуралар айналысады. Оқыту бағдарламасын жасауда академиялық білім игеруді магистранттардың тәжірибелік машықтануымен сабақтастыруға баса назар аударылды. Бұл ретте басты оқыту шарттарының бірі сот төрешілерінің сот мұрағаттарында өз бетімен ізденістер жүргізіп, нақты істер бойынша өз бетімен шешім шығаруына бағытталады.
Т.Айтмағамбетовтың сөзіне қарағанда, ҚР сот жүйесіне жыл сайын 60-70 жас судья талап етіледі.

Перейти к новостям спорта