Д.Құтпанбаевтың айтуынша, бұл партияның көлемі 1000 тоннадан асады, алайда болашақта оның көлемі артуы мүмкін. Жүк Ақтау айлағының паром терминалы арқылы жөнелтіліп, одан әрі Каспий теңіз шаруашылығының паромдарына вагонмен тиеледі. Бакуге жеткізілген жүк одан әрі Әзербайжандағы химия индустриясының орталығы, үлкендігі жағынан екінші қалаға саналатын Сумгаитке жіберіледі.
Жүк иесі — «Теңізшевройл» компаниясы. «Кесек түріндегі күкірт ТШО -ның көмірсутегі шикізатын өндіруі барысында жинақталады»,- деді Д.Құтпанбаев.