"Қазақстан-КамАЗ" консорциумы мен "Астана-Финанс" АҚ Көкшетауда автобус шығаратын бірлескен кәсіпорын құруға келіскенін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан-КамАЗ" консорциумы мен  "Астана-Финанс" АҚ Көкшетауда автобус шығаратын бірлескен кәсіпорын құруға келіскенін мәлімдеді

"Қазақстан-КамАЗ" консорциумы мен "Астана-Финанс" АҚ Көкшетауда автобус шығаратын бірлескен кәсіпорын құруға келіскенін мәлімдеді

"Қазақстан-КамАЗ" консорциумы мен "Астана-Финанс" АҚ Көкшетауда автобус шығаратын Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорын құруға келіскенін мәлімдеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Астана-Финанс" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады. Жобаны "Қазақстан-КамАЗ" автокөлік консорциумы жүзеге асырады.

  • 15 Қараша 2004
  • 755
Фото - Caravan.kz

28-қазанда «КамАЗ» АҚ-ның бас директоры С.Когогин, «Астана-Финанс» АҚ-ның басқармалары төрағасы Қ.Исламов пен «Орталық Азиялық жылу-энергетикалық компаниясы» ЖАҚ-ның директорлары кеңесінің мүшесі Е.Әмірханов Көкшетаудағы «Көкше» АҚ-ның өндірістік алаңдары базасында автобус шығаратын бірлескен кәсіпорын құру туралы ниет хаттамасына қол қойды. Мамандардың есептеуінше, жобаға жұмсалатын инвестиция ауқымы 20-30 млн. долларды құрайды.

Бастапқы кезеңде жолаушы сыйымдылығы жоғары қалалық 200 автобус пен орташа сыйымдылығы бар 1,5 мың автобус өндіру көзделіп отыр. Бұл санды жылына 3 мыңға дейін жеткізу мүмкіндігі бар. Автобустарды құрастыруда КамАЗ шассилері мен көбінесе қазақстандық кәсіпорындарда өндірілген бөлшектер қолданылады.
«КамАЗ» ААҚ, «Астана-Финанс» АҚ, «Қазақстан Инжиниринг ҰК» ААҚ, «Тыныс»АҚ-ның мамандары қамтылған жұмыс тобының маркетингтік зерттеулерінің қорытындысына қарағанда Қазақстан рыногының жыл сайынғы автобусқа деген сұранысы 4-4,5 мыңды құрайды.

Перейти к новостям спорта