Алдағы жылдарда еліміздегі бірінші категориялы брокерлік компаниялардың капиталын кем дегенде миллиард теңгеге дейін арттыру қажет - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы жылдарда еліміздегі бірінші категориялы брокерлік компаниялардың капиталын кем дегенде миллиард теңгеге дейін арттыру қажет - ҚР президенті

Алдағы жылдарда еліміздегі бірінші категориялы брокерлік компаниялардың капиталын кем дегенде миллиард теңгеге дейін арттыру қажет - ҚР президенті

"Алдағы жылдарда еліміздегі бірінші категориялы брокерлік компаниялардың капиталын кем дегенде миллиард теңгеге дейін арттыру қажет". Бүгін, 15-қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің ІҮ конгрессінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Қараша 2004
  • 450
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының пікірінше, «үкімет, Ұлттық банк пен қаржылық бақылау агенттігі жеке меншік сектордың шетелдерден алып жатқан несиелері көлемінің жедел қарқынмен өсуінің залал-зардаптарын бағалап, оның елдегі ахуалға әсерін болжауы қажет».

«Инвестициялық банкинг саласының бәсең қарқынмен дамуы көп жағдайда брокерлік компаниялардың осалдығына, капиталының жеткіліксіздігіне және жүзеге асыратын операциялары санының аздығына байланысты»,- деді президент. «Өзіміз тұрғындарды қаржы рыногына тартуды көздеп отырғандықтан, қаржы рыногының бұл саласын дамытуымыз қажет»,- деді Н.Назарбаев.
«Біз халықпен жұмыс істейтін қаржылық институттардың тұрақсыздығына жол бере алмаймыз»,- деп мәлімдеді Елбасы.
Сондай-ақ, президенттің айтуынша, «экономикалық өсіммен бірге сақтандыру саласының маңызы арта түседі, ол өз кезегінде нарықтық қатынастар мен іскерлік белсенділіктің дамуын ынталандырып, инвестициялық ахуалды жақсартады».
«Соңғы жылдарда қаржы рыногының бұл саласы айтарлықтай ілгерілеп, зор қарқынмен дамып келеді. Алайда, тәуекелдерді екінші қайта сақтандыру шараларының басым бөлігі шетелдердің үлесінде. Оған отандық сақтандыру компанияларының капитал тапшылығы себеп. Сол себепті сақтандыру саласын капиталдандыру проблемасын да шешу қажет»,- деді Елбасы.

Перейти к новостям спорта