Қаржыгерлер конгрессінің резолюциясында қазақстандық қаржы институттарының іс-қызметін реттеу шаралары ұсынылған - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржыгерлер конгрессінің резолюциясында қазақстандық қаржы институттарының іс-қызметін реттеу шаралары ұсынылған

Қаржыгерлер конгрессінің резолюциясында қазақстандық қаржы институттарының іс-қызметін реттеу шаралары ұсынылған

Бүгін, 15-қарашада Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің ІҮ конгрессінің жұмысы резолюция қабылдау арқылы аяқталды. Құжат еліміздің қаржылық секторын алға қойылған жаңаша міндеттерді жүзеге асыруға дайындауға және қазіргі бар проблемаларды жоюға бағытталады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Қараша 2004
  • 699
Фото - Caravan.kz

Құжатта, форумға қатысушылардың пайымдауынша, еліміздің қаржы жүйесі жүріп өтуі тиіс негізгі бағыттар көрініс тапқан. Атап айтқанда, Салық кодексінің өмір мен денсаулықты сақтандыру, ғұмырлық зейнетақы жүйесін енгізу, шаруашылық субьктілері мен тұрғындар үшін салықты жеңілдету жөніндегі бөлімдеріне түзетулер енгізу ұсынылып отыр.

Зейнетақы және сақтандыру жүйелерін жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстарды жүзеге асыру ұсынылған. Осындай бір шара ретінде сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларын пулға біріктіру, олардың жауапкершілігін, соның ішінде зейнетақы активтерін басқарушыларға қатысты заңгерлік жауапкершілікті арттыру ұсынылған.
Резолюцияда қаржы жүйесінің қор рыногын дамыту және жетілдіру айрықша өзекті мәселе ретінде аталған. Үкімет аталмыш саланың дамуына түрткі болатын бірқатар құжаттарды 2005-жылдың басында қабылдап үлгереді деп күтілуде. Соның ішінде конгресске қатысушылардың пікірінше, активтерді секьютеризациялау туралы заң жаңа несиелік құралдарды дамытуға және инвесторлардың мүддесін қорғауға түрткі болады.
Бұған қоса құжатта алдағы уақытта шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған шағын несиелер беру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қабылдау қажеттігі айтылған.
Конгресс жұмысын аяқтаған қатысушылар еліміздің қаржы институтының іс-қызметі еліміздің алдағы экономикалық өсуіне, Қазақстан халқының әл-ауқатының артуына түрткі болатынын атап өтті.

Перейти к новостям спорта