ТМД елдерінің сарапшылары Минскде өтетін бас қосуда Достастық елдерінің лаңкестікпен күрестегі ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерінің сарапшылары Минскде өтетін бас қосуда Достастық елдерінің лаңкестікпен күрестегі ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын қарайды

ТМД елдерінің сарапшылары Минскде өтетін бас қосуда Достастық елдерінің лаңкестікпен күрестегі ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын қарайды

Ертең, 16-қарашада Минскде ТМД сарапшыларының бас қосуы өтіп, онда Достастық елдерінің лаңкестікпен және экстремизмнің зорлық-зомбылыққа негізделген басқа да көріністерімен күрес саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасы, сондай-ақ, халықаралық лаңкестікпен және экстремизмнің басқа да көріністерімен күрес жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған күрес бағдарламасының жобасы қаралады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Қараша 2004
  • 434
Фото - Caravan.kz

Лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын Ресей әзірлесе, халықаралық лаңкестікпен күрес бағдарламасының жобасын ТМД антитеррорлық орталығы әзірлеп, оны Достастық елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері жетекшілерінің кеңесі мақұлдаған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанада өткен ТМД саммитінде Достастық мемлекет басшылары халықаралық лаңкестікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнген басқа да қауіп-қатер түрлерімен күрес саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы шешім қабылдаған. Осыған байланысты сарапшы топ аталмыш құжаттарды желтоқсанның аяғына дейін дайындап бітіру үшін жұмысты пәрмендендіре түспекші,- деп хабарлайды ТМД Атқару комитеті.

Перейти к новостям спорта