Елбасының пікірінше, бұл заңды «қаржы рыногының дамуына, қаржылық институттар санының артуына және тұрғындардың жинақтаған қаржысын қор рыногына тарту жоспарына сәйкес» жобалап қабылдау қажет.
«Мейлі шетелдік, мейлі отандық болсын, кез-келген инвестор өзінің құқығы заңмен қорғалғанына, оның қаржылық активтері мен жиған-терген қаржысы туралы ақпаратты қандай жағдайда да ешкім де ала алмайды дегенге сенімді болуы тиіс»,- деді Елбасы.