Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заңға сәйкес, облыстық бюджеттер мен Астана және Алматы қалалық бюджеттерден республикалық бюджетке аударылатын бюджеттік аударымдардың жалпы көлемі 2005 жылы 95,0 млрд. теңге, 2006 жылы — 119,5 млрд. теңге және 2007 жылы — 151,5 млрд. теңгені құрайды. Жергілікті бюджет кірістерінің жалпы болжамдық көлемі 2005 жылы — 393,0 млрд. теңге, 2006 жылы — 452,6 млрд. теңге, 2007 жылы — 536,1 млрд. теңге болмақ. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге жіберілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 2005 жылы 133,0 млрд. теңге, 2006 жылы — 163,1 млрд. теңге, 2007 жылы — 192,8 млрд. теңгеге жетеді. Жергілікті бюджет шығыстарының жалпы болжамдық көлемі 2005 жылы — 431,0 млрд. теңге, 2006 жылы — 486,2 млрд. теңге, 2007 жылы — 577,4 млрд. теңге болмақ.
Жекелеген шығыстарды республикалық бюджетке беруге байланысты жергілікті бюджеттің ағымдағы шығыстар базасы 22,7 млрд. теңгеге азаяды.
Заң мәтіні ресми баспасөзде жарияланды.