"Отбасымды барынша сақтап қалуға тырыстым": Атышулы қалаулымдық блогерлер Шынар Меджанова мен Ислам Алтайбаев жеке өміріне қатысты бар шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Отбасымды барынша сақтап қалуға тырыстым": Атышулы қалаулымдық блогерлер Шынар Меджанова мен Ислам Алтайбаев жеке өміріне қатысты бар шындықты жайып салды

"Отбасымды барынша сақтап қалуға тырыстым": Атышулы қалаулымдық блогерлер Шынар Меджанова мен Ислам Алтайбаев жеке өміріне қатысты бар шындықты жайып салды

Атышулы "Қалаулым" қатысушысы Шынар Меджанова Ислам Алтайбаевпен сәтсіз некесі туралы бар шындықты айтты.

  • 25 Қаңтар
  • 719
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Momskий әңгіме" бағдарламасына сұхбат берген Шынар Меджанованың айтуынша, ол тоғыз айында үйінде жалғыз өзі қалып, сәбиін аман-есен дүниеге әкелу үшін, ата-анасының үйіне қайтуға мәжбүр болған. 

"Тоғыз айымда үйде жалғыз қалдым. Ыңғайсыз нәрсе болды. Дәл сол сәтте нүкте деген шешімге келдік. Сол себепті баланы босануға Семей қаласына кеттім. Мен кеттім деп айтқан да дұрыс емес шығар. Шындығына келгенде, үлкен түсініспеушіліктен кейін үйдегі адамдар кетіп қалды. Мен тоғызыншы айда жалғыз қалдым. Одан кейін әке-шешем маған уайымдағандықтан Семейге тезірек келуімді сұрады. "Ерте босанып қалсаң қасыңда ешкім жоқ" деп қорықты. Сол үшін ата-анамның қасына бардым. Босануды мүлдем басқаша елестеткем. Бұрынғы жолдасым қасымда болу керек еді. Бірақ шүкір анам қасымнан табылды. Қолдауын беріп, маған қатты көмектесті. Роддомнан шыққанда жылап шықтым. Үйге келіп те жыладым. Жалпы ажырасу маған оңай тиген жоқ. Баламен жалғыз қалған қиын. 

Бұрынғы күйеуім балам қырқынан шықпай тұрғанда келді. Маған нақты ештеңе айтқан жоқ. Ол маған қосылайық деп келген жоқ. Дау-дамаймен келді десем де болады. Үйде сүйкімсіз әңгіме болды. Оның соңы айқайға ұласты. Менің ата-анам барынша жақсы жағынан қарсы алуға тырысты. Бірақ әр адамның санасы өзіне. Біз адамды өзгерте алмаймыз. Анам тіпті "қырқынан шығаруға қаласыздар ғой" деп еді. "Жоқ, кешке бесте пойызбен қайтамыз" деп жауап қатты. Олар сүйкімсіз әңгімеден кейін қайтып кетті", — деді ол.

Сонымен бірге ол отбасын барынша сақтап қалғысы келгенін мәлімдеді.  

"Мен өзімнің отбасымды барынша сақтап қалуға тырыстым, барынша… Өз баламның әкесін жамандамаймын… Мойнымда көптеген қаржылық міндеттер тұрды, жатуға мүмкіндігім де болған жоқ.

Бар болсын, аман болсын, аулақ болсын… Жақсы көрдім. Тұрмыс құрғым келеді, оған қоса бұрын сезілмеген махаббатты сезіп жатырмын. Өмірім гүлденіп, жарқырап, жайнап кетті деп айтса болады", — деп ағынан жарылды блогер.