Жалақыны салалық тұрғыдан саралайтын болсақ, денсаулық, білім, ауыл шаруашылығы салаларындағы еңбек ақымен салыстырғанда өнеркәсіп, көлік, құрылыс салаларындағы жалақы жоғары деңгеймен сипатталады. Ең жоғары жалақы қаржы қызметінде (60 мың теңге), ең төменгі — ауыл шаруашылығында (15 мың теңге) сақталған.
2004 жылдың қаңтар-қыркүйегінде кен өндіру өнеркәсібінде жұмыспен қамтылған бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 50547 теңгені құрады, бұл экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша орта есеппен 1,9 есе жоғары, көлік пен байланыста — 39627 теңге немесе 1,5 есе, құрылыста — 37308 теңге және 1,4 есе. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы орташа республикалық көрсеткіштен 44,7%-ға, ауыл шаруашылығында — 58%-ға, білімде — 35%-ға төмен.
2004 жылдың қаңтар-қыркүйегінде еркектердің жалақысы өткен жылдың тиісті кезеңіне қатысты 20,3%-ға өсті және 33246 теңгені құрады, әйелдердің жалақысы —тиісінше, 22,8% және 20707 теңге, немесе еркектердікінен 38%-ға төмен.
Жалақының өсуінің тұрақты үрдісі республиканың барлық өңірлерінде байқалады. Оның ең жоғары деңгейі ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде Атырау облысында (52536 теңгені құрады немесе республика бойынша орта есеппен 1,9 есе көп), ең азы — Ақмола облысында (17984 теңге немесе 34%-ға аз) тіркелді.