Есепті айда қаржының жиынтықты кірістің негізгі бөлігі кен өндіру өнеркәсібі есебінен 54,3% немесе 79,8 млрд. теңге қалыптасты, соның ішінде шикі мұнай мен табиғи газ өндіретін кәсіпорындарда 91% немесе 72,6 млрд. теңге, өңдеуші өнеркәсібінің үлесі -14,8% (21,7 млрд. теңге), көлік және байланыс үлесі — 17,4% (25,6 млрд.теңге) болды.
2003 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда оң қаржы нәтижелері кен өндіру өнеркәсібінде — 2,3 есе (34,9 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде — 33,1% (16,3 млрд. теңге) өскені байқалады.
Өңірлер бойынша табыстың жалпы нәтижесінен ең көп сомасы Атырау — 39,7 млрд. теңге (27%), Астана қаласында — 29,8 млрд.теңге (20,3%), Ақтөбе — 17,3 млрд. теңге (11,8%), Қызылорда — 16,6 млрд. теңге (11,3%), Алматы қаласында — 13,1 млрд. теңге (8,9%), Қарағанды — 12,4 млрд.теңге (8,4%), Манғыстау облыстарында — 10,1 млрд. теңге (6,9%) болды.
2004 жылдың қыркүйегінде есеп берген субъектілердің жалпы санының 32,9% (1457 бірлігі) 14,7 млрд. теңге сомада залалға ұшырады. Залалдың ең жоғары деңгейі шаруашылық серіктестіктер бойынша байқалады оларға барлық залал көлемінен 53,0% (7,8 млрд. теңге) келеді. Пайдасыз кәсіпорындардың ең көп үлесі шаруашылық серіктестіктеріне залалды кәсіпорындардың барлық санының — 34,5% келеді.
Залалды кәсіпорындардың (ұйымдардың) ең көп үлес салмағы Ақмола облысында — 48,3 % (333 есеп берген кәсіпорынның — 161-і), Cолтүстік Қазақстан облысында -40% (225 есеп берген кәсіпорынның — 90-ы),- Оңтүстік Қазақстан облысында 36,5% (274 есеп бергендердің — 100-і) белгіленді.
Экономиканың өнеркәсіп секторы үлесіне залалдың жалпы көлемінен 52,4% немесе 7,7 млрд. теңге келеді. Бұл саладағы 506 залалды кәсіпорынның электр энергияcын, газ бен суды өндіру және бөлу бойынша 162 кәсіпорын үлесіне экономиканың осы секторы көлемінен 29,9% немесе 2,3 млрд. теңге залал және өңдеу өнеркәсібінің 315 субьектісіне 67,5% немесе 5,2 млрд. теңге залал келді.