«Еліміз заңнамасында осындай мүмкіндік қарастырылуы тиіс. Өйткені, ауыл тұрғындарының саяси сауаттылық деңгейі төмен болғандықтан, кез-келген ЖШС директорының өзі онда өктемдік жүргізе алады. Ондай адам билікке келсе, тұрғындардың мұқтаждығынан гөрі өз мүддесін жоғары қоятыны сөзсіз»,- дейді Б.Исаев.
Вице-министрдің пікірінше, сайланған әкімді кері шақырып алу функцияларын «мәслихатқа, немесе, басқа да жергілікті өзін-өзі басқару мекемесіне өткеріп беруге болады».