Павлодарлық бұрынғы кеденші пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық бұрынғы кеденші пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды

Павлодарлық бұрынғы кеденші пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды

Павлодар кеден бекетінің бұрынғы қызметкері халықаралық әуе рейсінің жолаушыларынан пара бопсалағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Қараша 2004
  • 304
Фото - Caravan.kz

29 жастағы Александр Добрель Павлодар әуежайында қылмыс үстінде ұсталды. Күдікті Павлодар-Ганновер бағытында қатынайтын ұшаққа әуесқой бейнетаспаларды алып өтуге рұқсат алуға жолаушылардан ақша бопсалаған.

Зардап шеккендер — туыстарына хабарласуға келген бұрынғы Қазақстан азаматтары. Олар бейнеөнімдерді алып өту үшін алдын-ала рұқсат алу қажеттігінен бейхабар болғандарын жеткізді.
Ұсталған кеден қызметкері сауда-саттық түріне жатпайтын айналымдарға бақылау жасау жөніндегі бөлімнің бас маманы ретінде халықаралық әуе рейстерінің жүктерін тексеріп келген. Павлодар-Ганновер бағытында қатынайтын ұшақ жолаушыларынан ол 80 евро және 2 мың теңге мөлшерінде пара алған.
Бұл дерек бойынша ҰҚК-нің Павлодар облыстық департаментінің тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің «пара алу» жөніндегі 311-бабы, 4-тармағы және «лауазымдық құқығын асыра пайдалану » жөніндегі 307-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жуырда Павлодар қалалық соты бұрынғы кеден қызметкерін айыпты деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Перейти к новостям спорта