Жалпы берешек міндеттемелер құрамында негізгі үлеске ие банктен тыс мекемелердің қарыздары — 22%, банктердің қарыздары — 21,7%. Міндеттемелердің жалпы көлемінің 55,6% (1934,7 млрд. теңге) және мерзімі өткен міндеттемелердің 68,7% (116,2 млрд. теңге) өнеркәсіп салаларында шоғырланған.
2004 жылдың 1 қазанына өңірлер бойынша міндеттемелер жөніндегі берешектің ең көп үлесі — Атырау облысына — 20,2% (700,8 млрд. теңге), Алматы қаласында — 19% (662 млрд. теңге), Астана қаласында — 17,8% (619,3 млрд. теңге) және Қарағанды облысында — 5,9% (205,1 млрд. теңге) келеді. Мұның өзінде мерзімі өткен берешектің ең көп үлесі Қарағанды облысына — 17,6% (29,8 млрд. теңге), Маңғыстау облысына — 17% (28,8 млрд. теңге) тиеді.
2004 жылдың 1 қазанына 1350 борыштары бар өнеркәсіп субъектілерінің 31,4% (424 бірлігінің) мерзімі өткен қарыздары бар. Борыштары бар өнеркәсіп субъектілерінің ең көп үлесі электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу өнеркәсібінде — 50,8% (250 бірліктен 127 кәсіпорын), кен өндіру өнеркәсібінде -34,2% (158 бірліктен — 54 кәсіпорын).
2004 жылдың 1 қазанына жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысы жөніндегі мерзімі өткен берешек жалпы жалақы жөніндегі берешектің (41,1 млрд. теңге) 9%-ын (3,7 млрд. теңге) құрады, оның 51,4% (1,9 млрд. теңгесі) ұзақтығы 3 айдан көп берешек. 2004 жылдың 1 қазанына міндеттемелері бар 4384 ірі және орта кәсіпорынның 3830 (87,4%) жалақы жөнінде карыздар, олардың 215 (5,6%) субъектісі 3 айдан астам берешек.
Өңірлер бойынша жалақы жөніндегі берешектің ең көп үлесі — Қарағанды облысында — 18,9% (44 бірлікте 0,7 млрд. теңге), Маңғыстау облысына 10,8% (47 кәсіпорынға- 0,4 млрд. теңге) және Алматы қаласында — 18,9% (0,7 млрд. теңге, 25 бірлік) келеді. Мұның өзінде жалақы бойынша мерзімі 3 ай және одан да ұзақ уақыт өткен берешектің ең көбі Қарағанды — 26,3% (27 бірлікте 0,5 млрд. теңге) және Оңтүстік Қазақстан облысына жалпы сомадан — 15,8% (0,3 млрд. теңге, 17 бірлікте), және Алматы қаласында — 15,8% (0,3 млрд. теңге 10 бірлік) келеді.
Тұтастай алғанда кәсіпорындар мен ұйымдар жөніндегі дебиторлық берешек — 2003 жылдың 1 қазанындағы деректермен (1397,2 млрд. теңге) салыстырғанда 31,6% өсіп 1838,2 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткендері — 107,8 млрд. теңге немесе 5,9%. 2003 жылдың 1 қазанындағы деректермен салыстырғанда мерзімі өткен берешектің бөлігі 6,9% (115,8 млрд. теңгеге) азайды.
2004 жылдың 1 қазанына дебиторлық берешектің құрылымындағы негізгі көлем 45,6% (838,3 млрд. теңге) — сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі. Мерзімі өткен дебиторлық берешектің жалпы көлемінің 64,3% (69,3 млрд. теңге) сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің үлесіне тиеді.
Мерзімі өткен дебиторлық берешектің барлық көлемінің 70,8 млрд. теңгесі немесе 65,7% өнеркәсіп салаларында шоғырланған.
Дебиторлық берешектің өңірлер бойынша ең көп үлесі Астана қаласына — 23% (422,4 млрд.теңге), Алматы қаласына — 17,9% (329,8 млрд.теңге) және Атырау облыстарына — 10,9% (200,9 млрд.теңге), Қарағанды — 9,7% (177,4 млрд.теңге) келеді.