Мәжіліс мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзырет аясын шектеу жөнінде заңнамаларға енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзырет аясын шектеу жөнінде заңнамаларға енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзырет аясын шектеу жөнінде заңнамаларға енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады

Бүгін, 17-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзырет аясын ажырату және бюджеттік қарым-қатынастар мәселесіне арналған Қазақстан Республикасының кейбір заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңының жобасын екінші оқылымда қарап қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Қараша 2004
  • 822
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасы барлық билік деңгейлері арасында құзырет пен жауапкершілікті тиімді таратып беру жолымен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ, қолданыстағы заңдардағы жекелеген нормалардың қайталануына жол бермеуге бағытталады.

Заңнамалық актілерге 16 бағытта өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, білім беру саласында меншік түріне және мекемелік бағыныштылығына қарамастан, орта және бастауыш білім беретін білім беру ұйымдарына лизенция беру және аттестациялау бойынша қазір орталық билік органының құзырындағы жекелеген функцияларды облыстық (қалалық) басқару деңгейлерінің қарамағына беру ұсынылып отыр.
Денсаулық сақтау саласында орталық басқару органы тарапынан тұрғындарға тікелей дәрігерлік қызмет көрсету, соның ішінде дәрі-дәрмекпен және материалдық-техникалық қамтамасыздық шараларын ұйымдастырудан біртіндеп бас тарту ұсынылған.
Ал еңбек, көші-қон және әлеуметтік қорғау саласында қазір облыстық билікке жүктелген жекелеген функцияларды жергілікті аудандық (қалалық және облыстық) мемлекеттік басқару деңгейлеріне өткеріп беру көзделген. Ал аудандық биліктің құзырындағы жекелеген функцияларды ауылдық (елді мекен және аудандық маңызы бар) басқару деңгейінің құзырына беру қарастырылған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта