Солтүстік Қазақстан облысында бидайды терең өңдеуге және "биоэтанол" деп аталатын жанармай қоспасын шығаруға бағытталған өндірістік кешен салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында бидайды терең өңдеуге және "биоэтанол" деп аталатын жанармай қоспасын шығаруға бағытталған өндірістік кешен салынады

Солтүстік Қазақстан облысында бидайды терең өңдеуге және "биоэтанол" деп аталатын жанармай қоспасын шығаруға бағытталған өндірістік кешен салынады

Үкімет басшысы Даниал Ахметовқа Солтүстік Қазақстан облысында бидайды терең өңдеу негізінде құрамындағы октан мөлшері жоғары жанармай қоспасын шығаратын өндірістік кешен салу жөніндегі жоба таныстырылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қараша 2004
  • 828
Фото - Caravan.kz

«Биохим» компаниясы басшылығының ақпараты бойынша, жобада Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауылында қазіргі заманғы озық технология негізінде жергілікті астықты өңдеуге мүмкіндік беретін өндірістік кешен құрылысын салу арқылы құрамындағы октан мөлшері жоғары келетін «биоэтанол» жанармай қоспасын, азық-түлік өнеркәсібіне арналған жоғары сапалы желімтік, сондай-ақ мал шаруашылығының қажеттігі үшін азықтық ашытқы тәрізді жоғары технологиялық өнімдер түрін шығару қарастырылған.

Мамандардың бағалауынша, биоэтанол негізіндегі отын қоспасын қолдану жанармай жанған кезде түзілетін зиянды заттардың мөлшерін 40-80 процентке төмендетіп, қозғалтқыштың жұмыс тиімдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл жоба Қазақстан Даму банкінің несиесі есебінен, сондай-ақ шетелдердің несиелік қаражаты мен «Биохим» компаниясының жеке қаржысы есебінен қаржыландырылады.
Үкімет басшысының айтуынша, жобаның таза экспортқа бағытталатындығы оның оңды сипатын айқындайды. Д.Ахметовтың пікірінше, отандық шикізат базасы негізінде өндірістен шығарылатын өнім алыс және жақын шетелдерде сөзсіз сұранысқа ие болады. Өйткені, мұндай өнім түріне әлемде сұраныс жоғары және ал қазіргі бар бұл бағыттағы өндірістер барлық сұранысты толыққанды қанағаттандыра алмайды.
Сондай-ақ, Д.Ахметов маңызды мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру тұрғысынан алғанда жоба, біріншіден, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес келсе, екіншіден, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру аясында да айрықша мәнге ие болып табылатынын атап өтті.

Перейти к новостям спорта