Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тележүргізушінің сөзінше, Қырғызстан билігі бір жылдан бері Бішкектегі төрт ауданның атын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
"Қазір Бішкектегі аудандарда КСРО кезінен сақталған орысша керемет атаулармен аталған: Первомайский, Октябрьский, Ленинский, Свердловский. Қырғызстандық депутаттар бұл "ұлттық идеологияны нығайту, сондай-ақ тарихи дәстүрлер мен құндылықтар негізінде азаматтардың рухани-адамгершілік тәрбиесін жақсарту мақсатында" ұсынып отыр. Қырғызстан халқының көбі қырғыз тілінде емес, орыс тілінде сөйлесе, қайдағы идеология? Бәрін қиындатудың не қажеті бар?", — дейді Тина Канделаки жазбасында.
Тележүргізуші дәл осылай Украинада декоммунизация басталғанын, ол бүкіл орыс тілінен бас тарту компаниясына айналғанын айтады.
Алайда бүгінде бұл жазда Тина Канделакидің телеграм арнасынан өшіп кеткен.
Еске салайық, бұған дейін ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram-арнасында "Қазақстанда орыс тілі баяу түрде ығыстырылып жатқанын" айтып, жазба жариялады.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің бірқатар станция атауын өзгерту туралы шешімін ресейлік тележүргізуші осылай қабылдаған.
"Өзіңіз мәңгүртсіз": Бекболат Тілеухан Тина Канделакиге жауап берді
Ол мысал ретінде "Уральск" бекетінің атауы "Орал", ал "Узень" бекетінің атауы "Жаңаөзен" болып өзгергенін келтіреді.